Бүгін 05.03.2024ж. Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының бастауыш сынып мамандығы бойынша 1 - ші курс білімгерлерімен 24.02.-24.03.2024ж. аралығында өтетін туберкулезбен күресу айлығына орай Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатры З.Е. Бейсенова мен СӨС мейіргері С. Қожабекова «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» тақырыбында дәріс өткізді.
Бұл іс-шараға осы жоғарыда аталған мекеменің поректоры Роза Назарова, мейіргері Ақнұр Оспанова мен 55 білімгер қатысты. Білімгерлер қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.